Colorgram Milk Bling Heartlighter — теріге жұмсақ жылтыр және ылғалды финиш әсерін беретін ұсақ дисперсті шиммері бар хайлайтер. Оңай таралады және жақсы үйлеседі, нәзік немесе айқынырақ акцент жасауға жарайды.
Ыңғайлы форматы өнімді екі тәсілмен қолдануға мүмкіндік береді: қылқаламмен жағуға немесе бет сүйектері мен мұрын ұшына штамп ретінде қолдануға болады. Шағын өлшемі мен кіріктірілген айнасы хайлайтерді күнделікті қолдануға және күн ішінде макияжды тез түзетуге ыңғайлы етеді.
Формула сквалан және токоферолмен (Е дәрумені) байытылған. Олар құрғақтықтың алдын алуға, теріні ылғалдандыруға және бос радикалдардың әсерінен қорғауға көмектеседі.
Реңктері:
- 01 Peach Heart — нәзік бежевый;
- 02 Pink Heart — суық қызғылт;
- 05 Spring Pink Blossom — жұмсақ шабдалы.
Қолдану тәсілі:
Хайлайтерді беттің шығыңқы аймақтарына — бет сүйектеріне, мұрын ұшына немесе жоғарғы ерін үстіне жағып, ақырын таратыңыз.
