CLIO Prism Highlighter Duo — теріге табиғи жарқырау беретін қос хайлайтер. Бет контурын айқындап, оған көлем береді, макияжға қажетті акценттерді жасауға мүмкіндік береді. Өнім хайлайтердің екі түрінен тұрады: шиммерлі және глиттерлі.
Шиммер бет контурын қалыптастырып, оны визуалды түрде тартылған етіп көрсетеді. Мұрын қыры мен маңдайға жағуға ұсынылады. Ірілеу жарық шағылыстыратын бөлшектері бар екінші хайлайтер сәнді Glass Skin әсерін қалыптастырады және бет сүйектеріне жағуға арналған.
Өнім жұмсақ, жібектей текстураға ие. Бетке саусақпен де, арнайы қылқалам немесе спонжбен де ыңғайлы жағуға болады. Хайлайтер теріге оңай таралады, жақсы бекітіледі және күн ішінде үгітілмейді.
2 реңкте ұсынылған:
- 01 Cream Fizz — жылы подтонды. Шиммерлі текстурасы ашық бежевый негізде күміс және алтын түсті жарқыраумен, ал глиттерлі текстурасы шабдалы-бежевый негізде күміс, алтын және жасыл түсті жылтыр бөлшектермен ұсынылған.
- 02 Lavender Voyage — суық подтонды. Шиммерлі текстурасы ашық лаванда түсті негізде күміс, қызғылт және інжу түсті жарқыраумен, ал глиттерлі текстурасы қызғылт негізде күміс, көк және қызғылт түсті жылтыр бөлшектермен ұсынылған.
Қолдану тәсілі: табиғи жарқырау бергіңіз келетін беттің шығыңқы аймақтарына: бет сүйектеріне, мұрын ұшына, жоғарғы ерін үстіне және иекке хайлайтер жағыңыз. Саусақпен, қылқалам немесе спонж көмегімен таратыңыз.
