Характеристики
Бренд
Colorgram
Описание
Colorgram Geek Nude Color Cover Tint
Табиғи «нюд» әсерін беретін, жартылай мөлдір жабындысы бар ультражеңіл тинт-стейн. Ерін реңін тегістеп, «маска» әсерінсіз жұмсақ түс береді және ұзақ уақыт қолданғанда да жайлы сезіледі.
Негізгі компоненттері және олардың қызметі:
- Гиалурон қышқылы — ерін терісін қарқынды ылғалдандырып, ылғалды сақтауға көмектеседі.
- Пантенол — теріні тыныштандырып, тітіркенудің алдын алуға көмектеседі.
- Азиялық центелла (Cica) — теріні қалпына келтіруге және қорғаныш барьерін нығайтуға көмектеседі.
- Церамидтер — терінің сау күйін қолдап, шамадан тыс құрғақтықтың алдын алуға көмектеседі.
- Ниацинамид — ерін реңін тегістеп, жеңіл жарқырау береді.
- Коллаген — терінің серпімділігін қолдауға көмектеседі.
Артықшылықтары:
- Күнделікті макияжға жарайтын табиғи нюд реңк.
- Стейн формуласы түстің ұзақ сақталуын қамтамасыз етеді, ерінде ауырлық сезімін қалдырмайды.
- Жұмсақ компоненттерінің арқасында сезімтал ерін терісіне жарайды.
Реңктері:
- Warm Nude 21 — бейтарап ашық бежевый подтонды жылы нюд. Табиғи тері реңкіне жақын. Ерін контурын түзетуге немесе база ретінде қолдануға жарайды.
- Warm Nude 23 — бейтарап-жылы реңкті шабдалы-бежевый нюд. Күнделікті табиғи макияжға жарайды, бетке нәзік жылылық береді.
- Cool Nude 21 — суық подтонды бәсең қызғылт реңк. Сары реңксіз жұмсақ түс қалағандарға, әсіресе суық немесе бейтарап подтонды теріге жарайды.
- Cool Nude 23 — орташа қанықтықтағы қызғылт нюд. Суық және бейтарап тері реңктеріне жарайтын әмбебап нұсқа, айқын емес жеңіл түс береді.
- Cement — бежевый-сұр нюд реңк. Еріннің қою шекарасын түзетуге немесе ашық далап жағар алдында ерін реңін тегістеуге қолданылады.
Қолдану тәсілі:
Тинтті еріннің ортасына жағып, градиент жасау үшін шеттеріне қарай таратыңыз немесе қанық түс алу үшін еріннің бүкіл бетіне жағыңыз. Қажет болса, күн ішінде қайта жағыңыз.
Отзывы
Отзывов еще никто не оставлял
Сопутствующие товары
Аналогичные товары
