Жеңіл, салмақсыз жабындысы бар жартылай матты кушон CLIO Kill Cover The New Founwear Cushion SPF50+ PA+++ күні бойы жоғары төзімділігімен ерекшеленеді, жағылып кетпейді және үгітілмейді. Тон реңі тотықпайды және жаққан сәттегідей сақталады. Құрал терідегі кемшіліктерді жақсы жасырып, реңін тегістейді, сонымен қатар жеңіл консистенцияға ие, теріні ауырлатпайды және маска әсерін қалдырмайды. Жиынтықта қосымша ауыстырмалы блок бар.
Аңызға айналған кушон бет реңін түзетіп, жақсартады, теріні тегістеп, blur-эффект береді. Құрғақтық пен қабыршақтануды туындатпайды, теріні ылғалданған күйде сақтайды. Жеңіл жарқырауы бар жібектей матты финиш қалдырады.
Иілген арнайы спонж пішіні тонды бетке ыңғайлы таратуға, сондай-ақ мұрын қанаттары мен көз айналасы сияқты қолжетімі қиын аймақтарды жабуға мүмкіндік береді. Тері тесіктері мен әжімдерді айқындамайды, тегіс емес жерлерді визуалды түрде толтырып, қызаруды азайтады.
Өнім 3 реңкте ұсынылады:
- 2 Lingerie — қызғылт подтонды бежевый;
- 3 Linen — сары подтонды табиғи бежевый;
- 4 Ginger — табиғи подтонды күңгірт бежевый.
Қолдану тәсілі: күнделікті күтімнің соңғы кезеңінде жиынтықтағы арнайы жастықша-спонж көмегімен құралды теріге жағыңыз. Қажет болған жағдайда күн ішінде жаңартып жағыңыз.
