Тыныштандыратын аква-пэдтер Tocobo Cica Calming Aqua Pad зақымдалған теріні жағымды салқындатады, тартылу сезімін жояды, қызару мен қышуды басады.
Теріні ылғалдандырып, ылғалды ұстап тұрады, тері температурасын шамамен 5,6°C төмендетеді және жабысқақтық қалдырмайды.
Маталы негізі биоыдырайтын өсімдік тектес материалдан — вегандық лиоцеллден жасалған және 2 жағы бар: бедерлі және тегіс. Пэдтің диаметрі — 70 мм.
Құрамында ашытылған CICA-кешені бар. Ол азиялық центелла сығындысы мен оның 2 туындысынан: мадекассосид пен азиатикозидтен тұрады. Центелла сыртқы факторларға сезімталдықты төмендетеді, тітіркенуді тыныштандырады, қан тамырларының қабырғаларын нығайтуға ықпал етеді және куперозбен күресуге көмектеседі.
Қосымша белсенді компоненттері:
- Алоэ вера сығындысы теріні ылғалдандырады, тыныштандырып, жұмсартады, қабынуға қарсы әсер көрсетеді және микрозақымдардың жазылуын жылдамдатады.
- Гиалурон қышқылының 8 түрі молекулалық массаларының әртүрлі болуына байланысты эпидермистің терең қабаттарына еніп, теріні қарқынды ылғалдандырады. Ылғалдың булануына жол бермейтін қорғаныш қабат қалыптастырады.
- Пантенол (В5 дәрумені) жазылу үдерісін жылдамдатады, теріні тыныштандырып, жұмсартады және табиғи қорғаныш қабатын нығайтады.
- Церамидтер эпидермистің липидті қабатына кірігіп, оны нығайтады, құрғақтықты жояды, ылғалдың булануына және зиянды заттардың енуіне жол бермейді.
- Пробиотиктер (Lactococcus Ferment Lysate, Lactobacillus Ferment Lysate, Bifida Ferment Lysate) зиянды бактериялардың көбеюін тежеу және пайдалы бактериялардың өсуіне ықпал ету арқылы тері микробиотасының балансын қолдайды. Барьерлік функцияларды жақсартып, тітіркенудің алдын алады.
- Шай ағашы сығындысы қабынуға қарсы әсер көрсетеді, қызаруды азайтады, безеуді емдеуге көмектеседі және тезірек жазылуға ықпал етеді.
- Ниацинамид (В3 дәрумені) теріні ағартады, пигментацияның пайда болуына жол бермейді, майлы жылтырды жояды және май бездерінің белсенділігін реттейді.
Барлық тері типіне жарайды.
Қолдану тәсілі: жуынғаннан кейін пэдпен теріні ақырын сүртіңіз, эссенция қалдықтарының сіңуін күтіңіз және күтімді жалғастырыңыз. Пэдтерді жергілікті маска ретінде де қолдануға болады: теріге 5–10 минутқа жағып қойыңыз.
