(0)

Round Lab Birch Juice Moisturizing Sun Stick SPF50+ PA++++

Добавить в сравнение
Характеристики
Бренд
Round lab
Описание

Күннен қорғайтын стик Round Lab Birch Juice Moisturizing Sun Stick SPF50+ PA++++ — сезімтал теріні күн сәулесінен қорғауға арналған құрал. Теріні ылғалдандырып, жұмсартады, UVA және UVB сәулелерінен сенімді қорғайды, күнге күйіп қалудың, пигментацияның және фотокартаюдың алдын алады, терінің серпімділігі мен тегістігін сақтайды.

Өнім жағымды салқындатып, сергітеді, күн астында ұзақ болғаннан кейін теріні тыныштандырады. Ықшам формат қорғаныш қабатын күн ішінде жаңартуға өте ыңғайлы: стик сөмкеге оңай сыяды.

Жеңіл текстурасы жабысқақтық қалдырмайды және бірнеше қабаттап жаққанның өзінде теріні ауырлатпайды, макияждың астына жағуға жарайды.

Стик құрамында қайың шырыны бар — Оңтүстік Кореяның экологиялық таза Индже аймағында алынатын компонент. Қайың шырыны минералдарға, дәрумендерге және амин қышқылдарына бай, сондықтан теріні терең ылғалдандырып, қоректендіреді, сусыздану мен қабыршақтанудың алдын алады және эпидермистің саулығын қолдайды.

Құрамында қалалық жағдайда 8 сағатқа дейін қайта жағуды қажет етпейтін, фототұрақты жаңа буын химиялық УФ-сүзгілері бар:

  • Uvinul A Plus (Diethylamino Hydroxybenzoyl Hexyl Benzoate) UVA спектріндегі сәулелерден қорғайды.
  • Uvinul T 150 (Ethylhexyl Triazone) UVB сәулелерінен қорғайды.
  • Tinosorb S (Bis-Ethylhexyloxyphenol Methoxyphenyl Triazine) — кең спектрлі сүзгі, UVA және UVB сәулелерінен қорғайды.
  • Parsol SLX (Polysilicone-15) UVB сәулелерінен қорғауды қамтамасыз етеді және майлы жылтырсыз жайлы финиш береді.

Қосымша белсенді компоненттер:

  • Пептидтер терінің өз коллагенінің өндірілуін арттырады, антиоксиданттық әсер етеді, гликация процесін тежейді және жасушалардың регенерациясын ынталандырады, соның арқасында әжімдерді тегістеп, терінің қалпына келу қабілетін белсендіреді.
  • Soothing Cooler — алоэ, ламинария, диоскорея, Давид вязы және маньчжур фиалкасының өсімдік сығындыларынан тұратын патенттелген кешен. Жылуды сіңіріп, тері температурасын төмендетеді және термиялық қартаюдың алдын алады.
  • Глицерил глюкозид — глицерин мен глюкозаның туындысы. Терінің ылғалды сіңіруіне мүмкіндік беретін арналарды түзетін аквапориндердің жұмысын жақсартады. Құрғақтықты жойып, жасушаларда ылғалды ұстап тұрады.
  • Аскорбин қышқылы — C дәруменінің формасы, антиоксиданттық әсер көрсетіп, жасушаларды бос радикалдардан қорғайды, қартаю процесін баяулатады, пигментацияның пайда болуына жол бермейді және тері реңін тегістейді.
  • Ниацинамид (B3 дәрумені) пигментацияны ағартып, оның пайда болуына жол бермейді, себум өндірілуін қалыпқа келтіреді, Т-аймағындағы (маңдай, мұрын, бет ұшы және иек) жылтырды азайтады және терінің қорғаныш қызметін арттырады.
  • Гиалурон қышқылының 2 түрі ылғалды байланыстырып, сусыздану мен құрғақтықтың алдын алады, теріні жұмсартып, оның бетінде ылғалды ұстап тұратын қорғаныш барьер қалыптастырады.
  • Аллантоин тотығудың салдарын бейтараптандырады, сезімталдықты азайтады және теріні ылғалдандырады.

Барлық тері типіне, соның ішінде сезімтал теріге жарайды.

Қолдану тәсілі: күндізгі күтімнің барлық кезеңдерінен кейін және макияж алдында стикті бетке, мойынға және терінің басқа ашық аймақтарына жағыңыз. Тікелей күн сәулесінің астында болған кезде (мысалы, жағажайда) қорғаныш қабатын әр 2–3 сағат сайын жаңартыңыз. Күннен қорғанысты жаңарту үшін қолдану ұсынылады. Өнімді зақымдап, үгітілуін болдырмау үшін стикті 5 мм-ден артық шығармаңыз.

Отзывы
Отзывов еще никто не оставлял
Аналогичные товары
Нет в наличии
арт.
7200 тг.
Нет в наличии
арт.
6900 тг.
Обратный звонок
Запрос успешно отправлен!
Имя *
Телефон *
Предзаказ
Предзаказ успешно отправлен!
Имя *
Телефон *
Добавить в корзину
Название товара
100 тг.
1 шт.
Перейти в корзину
Заявка

Я ознакомлен и согласен с условиями оферты и политики конфиденциальности.