(0)

Dr.Ceuracle Vegan Kombucha Gel Cream 75ml

Добавить в сравнение
Характеристики
Бренд
Dr.Ceuracle
Описание

Комбуча қосылған крем-гель Dr.Ceuracle Vegan Kombucha Tea Gel Cream — 3 бағытта әсер ететін көпфункционалды ылғалдандыратын құрал:

  1. Теріні қарқынды ылғалдандырып, нәрлендіреді және күтім жасайды, сусызданған әрі зақымдалған теріні қалпына келтіреді.
  2. Детокс әсер көрсетіп, токсиндерден арылуға ықпал етеді және микробиомды теңестіреді.
  3. Тері реңін тегістеп, оны аздап ағартады, микрорельефті тегістеп, жарқырау береді.

Кремнің негізгі белсенді компоненті — 78% Vegan Tea Complex™ (78% вегандық шай кешені). Оның құрамына комбуча (20%) және жасыл шай сығындысы (58%) кіреді. Бұл құрамында пробиотиктер мен В дәрумені бар ашытылған шай сығындысы. Комбуча иммунитетті нығайтып, токсиндерден арылуға ықпал етеді, меншікті коллаген синтезін белсендіреді және бет реңін жақсартады, ал жасыл шай — құрамында таниндер, амин қышқылдары мен дәрумендер бар табиғи антиоксидант. Ол теріге тонус беріп, бактерияға қарсы әсер көрсетеді.

Судай жеңіл текстурасында эпидермиске терең еніп, теріні ылғалмен қанықтыратын және дәрумендердің, амин қышқылдары мен антиоксиданттардың мүйізденген қабатқа енуін жақсартатын микроскопиялық бөлшектер бар. Крем жабысқақтық пен майлы қабықша қалдырмайды.

Арнайы Melting Water (балқитын су) технологиясы жағу кезінде теріні ылғалмен жұмсақ қоршайды, ал Water Layer (су қабаты) технологиясы тұрақты ылғалдандыратын микрокапсулалардың эпидермис бетінде бекітіліп, ұзақ уақыт ылғалдандыруын қамтамасыз етеді.

Өнім клиникалық сынақтардан өткен: құрал сезімтал теріге жарайды және тітіркенуді тудырмайды. Экологиялық қаптамасы органикалық қайта өңделген материалдардан жасалған.

Қосымша белсенді компоненттер:

  1. Ниацинамид терінің майлылығын азайтады, себум бөлінуін қалыпқа келтіреді, теріні аздап ағартады, реңін жақсартады, жазылу үдерісіне ықпал етеді және гидролипидті барьерді нығайтады.
  2. Ламинария сығындысы йодқа бай, антиоксиданттық әсер көрсетеді, коллаген талшықтарының бұзылуына жол бермейді, терінің иілгіштігі мен серпімділігін қалпына келтіреді.
  3. Күнбағыс майы A, D және E тобының дәрумендерін қамтиды, құрғақтықты жойып, теріні қалпына келтіреді және жұмсартады, қартаю үдерісін баяулатады, майлы теріні тазартуға көмектеседі.
  4. Бета-глюкан — сұлыдан алынатын полисахарид. Иммуномодуляциялаушы әсер көрсетеді, зақымдалған теріні қалпына келтіреді және жасқа байланысты өзгерістердің алдын алады.

Барлық тері типіне жарайды.

Отзывы
Отзывов еще никто не оставлял
Обратный звонок
Запрос успешно отправлен!
Имя *
Телефон *
Предзаказ
Предзаказ успешно отправлен!
Имя *
Телефон *
Добавить в корзину
Название товара
100 тг.
1 шт.
Перейти в корзину
Заявка

Я ознакомлен и согласен с условиями оферты и политики конфиденциальности.