Celimax Pore+Dark Spot Brightening Care Sunscreen SPF50+ PA++++ кремі ультракүлгін сәулелерден қорғау мен ағартатын күтімді біріктіреді. pH деңгейі — 5,5–7,5.
Өнім күнге күйіп қалудың, пигментацияның және фотокартаюдың алдын алып қана қоймай, бұрыннан бар пигментті дақтардың ағаруына да ықпал етеді.
Тері реңін тегістейді, постакне іздері мен қызарудың айқындылығын азайтады, кеңейген тері тесіктерін тарылтады. Эссенция тәрізді жеңіл текстураға ие, ақ із қалдырмайды. Құрамында хош иістендіргіштер жоқ.
Құрамында қала жағдайында 8 сағатқа дейін қайта жағуды қажет етпейтін фототұрақты жаңа буын химиялық УК-сүзгілері бар:
- Uvinul A Plus (Diethylamino Hydroxybenzoyl Hexyl Benzoate) UVA спектріндегі сәулелерден қорғайды.
- Uvinul T 150 (Ethylhexyl Triazone) UVB сәулелерінен қорғайды.
- Tinosorb S (Methylene Bis-benzotriazolyl Tetramethylbutylphenol) — кең спектрлі сүзгі, UVA және UVB сәулелерінен қорғайды.
- Iscotrizinol (Diethylhexyl Butamido Triazone) UVB және UVA сәулелерін сіңіреді, ең тұрақты сүзгілердің бірі.
Негізгі белсенді компоненттер:
- 5% ниацинамид (В3 дәрумені) — белсенді компоненттің тиімді концентрациясы. Кешенді әсер көрсетеді: себум бөлінуін реттеп, майлы жылтырды азайтады, теріні ағартып, пигментацияның пайда болуына жол бермейді, сондай-ақ коллаген өндірілуін ынталандырып, терінің серпімділігі мен иілгіштігін арттырады.
- 1% транексам қышқылы — ағартатын белсенді компонент. Меланин пигментінің өндірілуін іске қосатын тирозиназа ферментінің белсенділігін тежейді. Фотосезімталдық тудырмайды, сондықтан күндізгі күтімде қолдануға болады.
- 0,1% пантенол (В5 дәрумені) микрозақымдардың жазылуын жылдамдатады, теріні жұмсартып, тыныштандырады, қызаруды басады және эпидермистің қорғаныш функцияларын жақсартады.
- Токоферол (Е дәрумені) жасушалардың бос радикалдар әсерінен бұзылуымен күреседі, әжімдердің пайда болуына жол бермейді, терінің серпімділігі мен тегістігін қолдайды.
- Кверцетин — брокколи, көкжидек және қызыл пияз құрамында кездесетін полифенол. Қабынуға қарсы және антиоксиданттық әсер көрсетеді. Сонымен қатар УК-сүзгілерін тұрақтандырады.
Қалыпты, аралас және майлы теріге жарайды.
Қолдану тәсілі: күндізгі күтімнің барлық кезеңдерінен кейін, сыртқа шығардан 15–20 минут бұрын бет пен мойынға шамамен 1,2 мл құрал жағып, теріге біркелкі таратыңыз. Тікелей күн сәулесінде болған жағдайда (мысалы, жағажайда) қорғаныш қабатын әр 2–3 сағат сайын жаңартыңыз.
