Коллагенді күннен қорғайтын кушон BLIV Collagen Bouncing Sun Cushion SPF50+ PA++++ 47%-ға теріні терең ылғалдандыруға және оның иілгіштігін арттыруға арналған концентрленген эссенциядан тұрады. Тері реңін бірден тегістеп, бет түсін жақсартады, қызаруды және ұсақ кемшіліктерді жасырады. Жаңа буын физикалық және химиялық сүзгілерінің үйлесімі ультракүлгін сәулелердің зиянды әсерінен сенімді қорғайды және меланоциттердің синтезін тежейді.
Құрамында қала жағдайында 8 сағатқа дейін қайта жағуды қажет етпейтін фототұрақты жаңа буын химиялық УК-сүзгілері бар:
- Uvinul A Plus (Diethylamino Hydroxybenzoyl Hexyl Benzoate) UVA спектріндегі сәулелерден қорғайды.
- Tinosorb S (Bis-Ethylhexyloxyphenol Methoxyphenyl Triazine) — кең спектрлі сүзгі, UVA және UVB сәулелерінен қорғайды.
Гипоаллергенді физикалық сүзгілер — мырыш оксиді және титан диоксиді. Олардың құрамында наноөлшемді бөлшектер жоқ, тітіркенуді тудырмайды, теріні құрғатпайды және жабысқақтық қалдырмайды.
Кушон теріні жұмсартып, микрорельефін тегістейді, бет түсін жақсартады және макияжға негіз ретінде қолдануға өте қолайлы. Жеңіл қызғылт подтон бетке табиғи балғын реңк пен сау жарқырау береді.
Тамшы тәрізді спонждың арқасында құралды қолжетімділігі қиын аймақтарға да ыңғайлы таратуға болады. Күн ішінде күннен қорғайтын қабатты жаңартуға өте қолайлы.
Негізгі белсенді компоненттер:
- 17 аминқышқылынан тұратын кешен табиғи ылғалдандыру факторын (NMF) арттырады, тері текстурасын тегістейді, реңін біркелкі етеді, коллаген мен эластиннің өндірілуін қалыпқа келтіреді, теріге сау жарқырау мен серпімділік береді.
- 12 пептидтен тұратын кешен қартаюға қарсы әсер көрсетеді, әжімдердің тереңдігін азайтады, теріні тегістеп, тартады және регенерацияны ынталандырады. Кушон құрамындағы ботулотәрізді аргирелин пептиді бет бұлшықеттерінің босаңсуына ықпал етіп, мимикалық әжімдердің пайда болуына жол бермейді.
- Гидролизденген коллаген мен эластин коллаген талшықтарын нығайтып, қолдайды, тіндердің иілгіштігін арттырып, теріні серпімді етеді. Микрорельефті жақсартады, ұзақ уақыт ылғалдандыруды қамтамасыз етеді және терінің тегістігін қолдайды.
- Пробиотиктер регенерация үдерісін ынталандырады және ультракүлгін сәулелер, стресс және басқа сыртқы факторлар әсерінен зақымдалған терінің қалпына келуіне ықпал етеді. Терінің тегістігі мен иілгіштігін қолдайды, жергілікті иммунитетті арттырады және сезімталдықты төмендетеді.
- Streptococcus Thermophilus бактерияларының ферменті — мұхит түбінде тіршілік ететін бактериялардан алынатын компонент. Эпидермис құрылымын бұзушы ферменттердің әсерінен қорғайды, тотығу стрессінің алдын алады, терінің серпімділігі мен тегістігін қолдайды.
- Аденозин — қартаюға қарсы белсенді компонент, терінің тығыздығы мен серпімділігіне, әжімдердің болмауына жауап беретін коллаген ақуызының өндірілуін ынталандырады.
Барлық тері типіне жарайды.
Қолдану тәсілі: күндізгі күтімнің барлық кезеңдерінен кейін құралды сыртқа шығардан 30 минут бұрын теріге жағыңыз. Қорғаныш қабатын әр 6–7 сағат сайын жаңарту ұсынылады.
